Көңілден тебіреніп шыққан үндерім! Өмір толқыны Өмірдің мәнін, мен қалай түсінемін!? Кей-кейде еске алсам күрсінемін. " Өмір - өзен " - дейді ғой дана халқым, Неге олай айтқанын, енді ғана түсінемін. Кейде тасып жер бетін сел басқанда, Теңер едім адамзаттың көздеріне шел басқанда. Самал жел ұрып бетіне, толқыны тербеп көңілді, Теңер едім адамзатқа қуаныш қауышқанда. Айтыңдаршы өмірдің мәні неде? Қайғы - мұң, ауырлық кеп мойныңа жабысқанда. Аразысып жан - жаққа кеткен туыс - жора, Өкпе - ренішті ұмытып бір - бірімен қауышқанда. Қос ғашықтар сағынысып бірін - бірі, Еш уайымсыз жүректері табысқанда. Мінез - қылық, түсінбестік, қызғаныш сезімдерге, Қол сермеп бір бүтін боп, көңілдері құптасқанда. Жан достардың арасында ірткі болмай, Қуаныш пен қайғыда қолдасқанда. Бауыр, інің, қарындасың еркелеп, Үлгі алып, ошақ жолы жалғасқанда. Ата - анаңның қас - қабағына қарап өсіп, Риза болған күлкісіне арман бар ма? Бұл сұрақ көптен бері тебірентті, Сол себепте өлең жазам, Көңіл - күйім мың құбылып ауысқанда. Отырмын мың сұрақты бойға сермеп, Көңілімді бір қуаныш, бір мұң тербеп.

Теги других блогов: өмір қуаныш мән көңіл